25 желтоқсан 2018 17:25

Астана мектептерінде жаңа ас мәзірі пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Елорда Инфо © Елорда Инфо

Астана оқушылары үшін жаңа ас мәзірі дайындалды. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана оқушылары үшін жаңа ас мәзірі дайындалды. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, жаңа ас мәзірін жасау кезінде оқушылар ата-аналарының ұсыныстары ескерілген. Балаларға қандай тағам беру мәселесі бойынша Тамақтану академиясының кеңестері пайдаланылған. Ануар Жанғозиннің айтуынша, оқушыларға көбірек жеміс және басқа да пайдалы тағамдар беріледі екен. Ешқандай шұжық болмайды. 

"Таңғы ас: сүтпен күріш ботқасы, май және ірімшікпен бутерброд, алма немесе алмұрт, қантпен шәй - бұл таңғы асқа. Сағат оннан кейін (екінші ауысымның ас мәзірі): сиыр етінен жасалған котлет, макарон, алма, қант пен шай және нан. Ботқа - 150 грамм, бутерброд - 20 грамм, котлет - 50 грамм, макарон - 150 грамм", - деді Астана білім беру басқарамасының басшысы. 

Мектеп асханасында кейбір азық-түлікті балаларға беруге тыйым салынды. 

Ануар Жанғозиннің айтуынша, жаңа аса мәзірі жаңа жылдан бастап беріледі. Бір балаға таңғы астың немесе түскі астың бағасы - 335 теңге. 

"Бағадан бұрын, бірінші калориясы ескеріледі. Анда да мұнда да калориясы бірдей - 441 калория таңғы ас, 447 калория - түскі ас. Мың балаға тамақ беру үшін көптеген азық-түлікті көтерме бағамен аламыз, сол жағы тиімді", - деп түсіндірді Ануар Жанғозин баланы 335 теңгеге тамақтандыруға бола ма деген сұраққа жауап бере отырып. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети