Астана мен Алматыда жылы болады: 22-24 мамырға арналған ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда жылы болады: 22-24 мамырға арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 22, 23 және 24 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 22, 23 және 24 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

22 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +13+15 градус болады.

23 мамырда күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5 градус, күндіз +20+22 градус болады.

24 мамырда күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +23+25 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

22 мамырда күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14+16 градус, күндіз +20+22 градус болады.

23 мамырда күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +16+18 градус болады.

24 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +19+21 градус болады.

Қазақстанда күн күрт суытады

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күн суытатыны туралы ескерткен болатын. Елге суық антициклон жылжып келеді, ол алдымен солтүстік, содан кейін шығыс және орталық аймақтарды қамтиды.

22 мамырда елдің солтүстігінде, 23 мамырда шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы +0+5 градус болады деп күтіледі, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы небәрі 10-15 градусқа дейін көтеріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.26   548.16   6.65 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер