26 мамыр 2017 16:08

Астана тұрғыны өзінің пәтерінде 45 белгісіз адамның тіркелгенін анықтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны өзінің пәтерінде 45 белгісіз адамның тіркелгенін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана тұрғыны өзінің пәтерінде 45 белгісіз адамның тіркелгенін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дулат Сұлтановтың айтуынша, ол қоқысқа төленетін түбіртектегі соманы көріп таңғалған. "Бірыңғай есеп айырысу орталығынан сәуір айы үшін түбіртек келді. Онда тек қоқыс үшін 11 мың теңге төлеуім керектігі жазылған. Әдетте қоқыс үшін 259 теңге төлейтінмін", - дейді Дулат Сұлтанов. - Бірыңғай есеп айырысу орталығына хабарластым. Орталықтағылар маған менің пәтерімде 45 адамның тіркелгенін айтты. Олардың қайдан және қалай менің пәтерімде жүргенін түсінбедім. Содан Астананың Алматы аудандық Халыққа қызмет көрстеу орталығына бардым, алайда олар мені көші-қон полициясына жіберді. Сол жақта арыз жаздым".

ІІБ өкілдері ер адамға белгіленген уақытта жауап береміз деп айтқан. Алайда ер адам оның пәтерінде қалайша белгісіз 45 адамның тіркелгенін анықтамақшы. Сұлтановқа тіпті олардың аты-жөндерін айтпаған.

"Мен ешқандай қағазға қол қоймадым. Құжаттарға қол қойған жағдайда, менің қолым сол жерде тұратын еді. Алайда ол жоқ. Мен бұған кімнің кінәлі екенін білмеймін. Осы мәселені анықтамақпын және оларды жауапкершілікке тартқым келеді. Ал түбіртекте көрсетілген ақшаны мен төлемеймін"", - деді астаналық тұрғын.

Ал Астана қалалық ІІД Көші-қон басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева пәтерге адамды тіркеу үшін үй иесінің ол адамға тіркелуге құқық беретін құжат беру керектігін түсіндірді. Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, оның рұқсатынсыз немесе оның заңды өкілінсіз тіркелуге мүлде болмайды.

"45 адам жайлы айтатын болсақ, Бірыңғай есеп айырысу орталығында мұндай мәлімет қайдан жүр? Меніңше, ол адам бірінші кезекте Бірыңғай есеп айырысу орталығына хабарласып, тіркелген азаматтар жайлы мәліметтерді қайдан алғанын анықтауы керек. Тіпті көші-қон полициясында тіркелген азаматтардың базасы жоқ. Мысалы, сіздер қазір маған бір мекенжайды айтасыздар, мен сіздерді базадан көре алмаймын және ол пәтерде қанша адамның тіркелгенін де көре алмаймын. Сәйкесінше, көші-қон полициясы ешқандай тізім бере алмайды. Бірыңғай есеп айырысу орталығындағылар бұл тізімді бір мемлекеттік органнан алған шығар. Бұл мәлімет расталмаған", - Астана қалалық ІІД Көші-қон басқармасының басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети