ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2018 | 14:38
Астанада "бақыт хатына" 40 миллион теңге бөлінеді
Астананың қоғамдық кеңесі қалалық бюджетке өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астананың қоғамдық кеңесі қалалық бюджетке өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көлік иелерінің жол ережесін жаппай бұзуы салдарынан "Сергек" камералары түсірген әкімшілік айыппұл туралы хаттарды таратуға полиция департаментіне 40 миллион теңге қарастырылды", - дейді экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов.
Осыған дейін "Сергек" фото-видеотіркеу және видеобақылау жүйелері көмегімен мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 миллиард 270 миллион теңге қаржы түскені хабарланды. Бұл жоба жол-көлік оқиғаларының саны 16 пайызға, жол апатынан жаралану 22 пайызға, жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын өлімді 54 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.
2017 жылы тамызда мемлекеттік-жекелей серіктестіктің елордада жобаны іске асыру туралы келісімшартқа қол қойылған. "Сергек" отандық құрылғы, ол нейронды желі технологиясы арқылы жұмыс істейді.
Айта кетейік, Алматыда да "Сергек" камералары іске қосылды. Сондай-ақ, осы жүйе Шымкентте де пайда болады.
Показать комментарии
Читайте также