Астанада қозғалтқыш жөндеу орталығы атын жамылып заңсыз майнинг фермасын ашқан үш адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Астанада 2022 жылдан 2024 жылғы мамырға дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.
"Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 миллион теңгеден асады. Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды", - делінген хабарламада.
Сот оларды ҚР ҚК-ны4 214-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.
Сот шешімі бойынша, мемлекет пайдасына 900 миллион теңгеден астам мүлік: 2 көлік (Toyota Camry, Nissan Juke) және майнинг жабдықтары тәркіленген. Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 миллион теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!