Қазақстан астанасында Конституция аллеясы ашылды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві жанында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан астанасында Конституция аллеясы ашылды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві жанында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аллея 1 шілдеде, Қазақстан Республикасы Конституциясы күшіне енген күні, Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанында ашылды.
"Аллеяның дәл осы күні ашылуы – елдің дамуына, жайлы қалалық орта қалыптастыруға және мемлекеттің әл-ауқаты үшін ортақ жауапкершілікке деген ұмтылыстың белгісі", – делінген Астана әкімдігі хабарламасында.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оның қазақстандықтардың өміріне қандай өзгеріс әкелетіні туралы мына материалымыздан оқи аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!