28 желтоқсан 2018 15:02

Астанада қаңтарда 6 қайталама шикізат қабылдау пункті ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың қаңтарында Астанада тағы 6 қайталама шикізат қабылдау пункті ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


2019 жылдың қаңтарында Астанада тағы 6 қайталама шикізат қабылдау пункті ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгінде қала аумағында 16 ұқсас пункт жұмыс істеп тұр. Олар А369, Достық, Кенесары, Түркесан, Қошқарбаев, Потанин, Кравцов, Рысқұлбеков, Мұстафин, Бөгенбай батыр даңғылы және тағы басқа көшелерде орналасқан.

Мұнда Астана тұрғындары полиэтилен, пластик, картон, шыны ыдыс, макулатура, алюминий банкаларын тапсырады. Сонымен қатар, екінші шикізаттың бір келісіне 100 теңгеге дейін ақша төленеді. Алюминий банкалары мен полиэтилен қалдықтары қымбат бағаланады. Ал бір шыны бөтелке үшін 3 теңге. Қалалық билік сыйақы астаналықтарды қоқыстарды бөлек жинауға ынталандырады деген сенімде. Осы пункттердің қызметкерлері жинаған барлық қайталама шикізат қоқыс өңдеу зауыттарына түседі.

Қайталама шикізатты қабылдау пункттері халықтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға көмектесуі тиіс.

Айта кететін жайт, елордада қоқыс өңдеу саласы қарқынды дамуда және еліміздің басқа да көптеген аймақтары үшін үлгі болды. Осылайша 2018 жылы ҚР Энергетика министрлігінің келісімі бойынша "ӨКМ Операторы" ЖШС Астана қаласының қалдықтарын басқару жүйесін жаңғырту бойынша пилоттық жобаны іске асыруға 5,2 млрд.теңге бөлінді. Пилоттық жобаны жүзеге асыру 2 кезеңге бөлінген. Олардың бірі - екі фракция бойынша қалдықтарды бөлек жинауды енгізу: "дымқыл" (тамақ қалдықтары) және "құрғақ" (қағаз, пластик, шыны, металл). Екінші - техникалық компост ала отырып, ҚТҚ органикалық фракциясын қайта өңдеу технологиясын енгізу.

Сондай-ақ, қала аумағында 112 тереңдетілген "үккіш" контейнері орнатылған, оларға кранды манипуляторлы қондырғымен жабдықталған 2 қоқыс тасығыш қызмет көрсетеді. 5 текше метр көлемдегі контейнердің басты артықшылығы ол 5 стандартты контейнерді алмастыра алады.

Астана аумағында пайда болған барлық қалдықтар 2012 жылы испан технологиясы бойынша салынған қоқыс өңдеу кешеніне шығарылады. Кешеннің қуаты-жылына 300 мың тонна. Мұнда қалдықтар сұрыпталады, өңделеді және брикеттеледі. Пластмасса қалдықтарынан полимерлі түйіршіктер, ал қағаздан - экомақта дайындалады.

Күн сайын Астана аумағынан 1000-1200 тонна қалдық шығарылады. 2017 жылы ҚТҚ көму полигонына 247 мың тонна қоқыс шығарылған болса, 2018 жылдың 11 айында - 257 мың тонна ҚТҚ шығарылды. Полигон 2 ұяшықтан тұрады, олардың біреуі ағымдағы жылдың тамыз айында консервацияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети