12 қаңтар 2017 00:31

Астанада уақытша тіркелмеген әйел балаларымен далада қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ботагөз Сұлтанова және оның ұлы Адиль. © Facebook Ботагөз Сұлтанова және оның ұлы Адиль. © Facebook

Астанада пәтерін жалға беруші екі баласы бар ананы уақытша тіркей алмағаны үшін пәтерден шығарып жатыр, - деп хабарлайды "Крыша".


Астанада пәтерін жалға беруші екі баласы бар ананы уақытша тіркей алмағаны үшін пәтерден шығарып жатыр, - деп хабарлайды "Крыша".

"Жалға берушілер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер кезегінде тұрғанын айтып, пәтерді өз аттарына аудара алмайтынын және уақытша тіркеуге қоя алмайтынын айтты. Ол бізге 24 қаңтарға дейін уақыт берді, алайда біз ол уақытқа дейін ыңғайлы пәтер таба алмайтын сияқтымыз", - деді Ботагөз Сұлтанова. 


Ботагөз Сұлтанова қызымен. © Facebook

Отбасындағы үлкені - алты жастағы Әділ - онкологиялық ауруға шалдыққан. Оның жақында инфекция жұқтырып, бір көзі көрмей қалған. 

"Әділ 2013 жылы аурып бастады. Оның шет елдегі еміне біз көлігіміз бен менің атыма тіркелген жатақханадағы бөлмемізді саттық. Қазір күйеуім мен балам "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама" бойынша кезекте тұр. Осыған және баламның ауруына байланысты бізге бір жерде тұрақты тіркеуде болу қажет", - деп түсіндірді Ботагөз. 


Алты жастағы Әділ - онкологиялық ауруға шалдыққан. © Facebook

Басылымның мәліметінше, астаналық тұрғын жұмыс істей алмайды, себебі балаларына қарауы тиіс: Әділдің мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін зейнетақы мен жәрдемақысы 52 мың теңге, сонымен қатар пәтердің ақшасы мен бес жастағы Адиннің балабақшасына ақша төлеу қажет. Үйде тек күйеуі ғана жұмыс істейді.

Осы орайда Ботагөз астаналықтардан көмек сұрады. Facebook желісінде оның үндеуін Лаура Түсіпбекова өз парақшасында жариялады.

"Бізге Астанадан бір бөлмелі пәтер қажет, ұзақ мерзімге, міндетті түрде уақытша тіркелу қажет, шамамен 70 мың теңге + коммуналдық төлемдер. Ең бастысы - құрғақ болғаны. Әділге ылғалды жерде тұруға болмайды. Мүмкін болса, агроқалашық, вокзал аудандарында, Герцен көшесі көліктер көп қатынайтын жерде болса дұрыс болар еді, себебі көлігіміз жоқ", - делінген жазбада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети