25 маусым 2021 17:05

Астаналық мұғалім вакцинация паспортындағы қате ақпаратқа шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда колледж оқытушысы вакцинация паспортында қате кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда колледж оқытушысы вакцинация паспортында қате кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқытушы 2021 жылдың 9 наурызында "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған.

"Бізге вакцина салдыру ұсынылды, біз бардық. Олар сол кезде жағдайымды тексерді, бәрі жақсы, дәрігерлерге шағым жоқ. Алайда мен өте сақ адаммын, "Спутник V" деген жазуы бар препарат салғанын көрдім. Бір айдан кейін екінші компонентті салды", - деді ол.

Біраз уақыт өткен соң әйел электрон паспортында "Спутник V" орнына Vero Cell препараты (Sinopharm вакцинасының балама атауы) көрсетілгенін байқаған.

"Мен дереу вакцина салған дәрігерге қоңырау шалдым. Ол адам көп екеніне сілтеме жасап, екі апта ішінде қатені түзетуге уәде берді", - деп қосты мұғалім.

Оның айтуынша, 3,5 айдан кейін де мәселе шешілмеген. Вакцинацияның электрон паспортында әлі де Қазақстанда наурызда болмаған Vero Cell вакцинасы көрсетілген. Vero Cell (Hayat-Vax, БАӘ-де өндірілетін Sinopharm Пекин биологиялық өнімдер институтының қытайлық вакцинасы) Қазақстанда тек мамырда қолжетімді болған.

"Мен Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіндім. Электрон хат жазып оған паспорттың скриншотын тіркедім. Екі аптадан кейін тағы да қоңырау шалдым, олар "айлап күтетіндер де бар" екенін айтты. Мен адамдарда бұдан да нашар проблемалар бар екенін түсінемін. Бірақ болашақта менде қиындықтар болса? Мені жалған төлқұжат жасаттың деп айыптаса? Бұл мәселені бастапқы кезеңде шешу керек", - деді әйел.

Әйелмен қатар вакцина салдырған тағы бес әріптесі де осындай проблемаға тап болған.

Tengrinews.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.

Электрон вакцинация паспорты - бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Құжат профилактикалық егулердің алынғанын куәландырады. Вакцинация паспорты eGov mobile қосымшасының "цифрлық құжаттар" бөлімінде вакцинацияның екі кезеңінен өткеннен кейін қолжетімді болады. Деректер Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасына сәйкес автоматты түрде толтырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети