22 маусым 2020 | 21:50

Ата-ананың баланың жеткіншек кезіндегі ролі. i-balaqai жобасында Виктория Шиманская

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасында психология бойынша дәрігер, эмоционалдық интеллект дамуы бойынша сарапшы Виктория Шиманская баланы талапты көбейтпей, азайту арқылы дербес болуға баулу туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы бала неге бейімді екенін қалай анықтауға болатынын түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасында психология бойынша дәрігер, эмоционалдық интеллект дамуы бойынша сарапшы Виктория Шиманская баланы талапты көбейтпей, азайту арқылы дербес болуға баулу туралы айтты. Сондай-ақ сарапшы бала неге бейімді екенін қалай анықтауға болатынын түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

11-18 жас аралығында адам организмінде маңызды өзгерістер болады. Ең алдымен физиологиялық және нейрофизиологиялық өзгеріс - эмоционалдық және байланыс орнату пайда болады. 

"Жеткіншек кезең - организмде өзгеріс болатын кез. Жаңа нейрон жүйесі қалыптасып, органдар өзгеріске ұшырайды, сондықтан қалыптасу физиологиядан басталады", - дейді Виктория Шиманская.  

Үлкендер талапты күшейтіп, жасөспірімдерден жауапкершілікпен қарауын күтуі мүмкін. Сондықтан талапты көбейтпей, азайту арқылы дербестікке баулуға болады. 

"Олар баласы қалай киінгенін, ойынын, оқу орнын, бағасын, достарын бақылап отырғысы келеді. Ал жасөспірім дербестікті қалайды. Сөйтіп қарсыласа бастайды. Сондықтан олар кірпіге айналады. Балаға артылатын талаптың тізімін жасау маңызды. Сосын шамамен оның жартысын тізімнен алып тастау керек. Себебі баламен байланыс орнатуда сіз үшін шын мәнінде маңызды талап тізімі ғана қалуы керек. Ал сосын бала дербес болуына үлес қосып, қиын сәтте ашық сөйлесетін жағдайға жету керек", - дейді маман. 

Баланың дербес болу кезеңі жеке қалыптасады. 

"14 жасқа дейін балаға арнайы уақыт бөлеміз. Заманауи балалар байланысты жақсы орнатады, оларға ата-анасының қолдауы қажет", - дейді спикер.

Оның айтуынша, баланың дербес болуы онымен бірнеше ай бөлек тұру деген сөз емес. Сондықтан баланың балабақшаға не кигісі келетінін, қандай кітап оқығысы келетінін өзіне қалдырған дұрыс. 

Одан бөлек, жеткіншек жаста баланың қалыптасуына оның ортасы да әсер етеді. Бала өмірде жағымсыз ортаға түспеуі үшін бос уақытында өзін көрсете алуы үшін немен айналысқаны дұрыс екенін анықтап алған дұрыс. 

"Шын мәнінде мұны тек үлкендер емес, мықты манипуляторлар бақылап отыр. Қысым қалай жасалады? "Әрине, анаң сені түсінеді ғой, ол сенен иалап етеді, олар саған қысым жасайды. Ал олар саған не берді?" дегендей. Сөйтіп манипуляторлар баланы ата-анасынан шеттете бастайды.

Бұған жауап беру үшін ата-ана ретіндегі әрекетімізді түсінеміз. Яғни, мен неліктен талап тізімін қысқарту керек деп айттым? Байланысты сақтап қалу үшін. Яғни, иә, бәлкім ол тек беске оқымаса, негізі зерттеу тек бестік алу профессионалдық тұрғыда дамуды ысырып тастайтынын көрсетті. Нәтижесінде бала тіпті өзін естімей қалады", - дейді Виктория Шиманская. 

Психологтың сөзінше, жасөспірімнің талантын және қызығушылығын айқындау қандай да бір топқа түсуді анықтаудағы ерекше тәжірибе. 

"90 пайыз жағдайда бұл мәселені алғашқы кезеңінде алдын алуға болады. Егер шын мәнінде араларыңызда сенім болса және баланың өз ортасы барын түсінгенде. Сондықтан жасөспірімдердің араласатын ортасын тану маңызды. Оларды бір-екі рет үйге қонаққа шақыруға болады. Меніңше, бұл мүмкін жағдай", -  дейді маман. 

Сарапшы "Икигай" деп аталатын ерекше схеманы түсіндірді. Оның негізгі мәні - жасөспірім үш маңызды сұраққа жауап беруі керек: 

  • Ал адамдарға не керек? Жеткіншектермен бірге трендте не, өзгерістер, оның ішінде, медицинада, мобильді технологияда, психологияда, яғни, түрлі бағытта қандай өзгеріс болып жатқанын бақылау керек 
  • Мен нені жақсы көремін? Егер бала сүйіп таңдаған мамандығына барса, бәрі жақсы болады. Егер балаға өзінің мамандығы ұнамаса, ол биіктен көріне алмайды. Кез келген мамандық табыс көзі де бола алады, баланың дамуын қалыптастыруға да көмектеседі
  • Менің күшім неге жетеді? Бұл ретте баланың дарынын, қызығушылығын айнықтайтын жағдай қалыптастыру керек. 

"Қазір түрлі онлайн бағдарлама мен арнайы мастер класс бар. Өзінің қандай да бір құраушы бөлігін табуы үшін. Яғни, осы үш компонент: "Адамдарға не керек? Маған бұл ұнайтынына сенімдімін. Менің күшім неге жетеді?" байланысқанда біз ата-ана мен баланы "Мұның ақысы бар" деп түсіндіреміз", - дейді психолог. 

Виктория Шиманская баланың таңдаған бағыты сұраныстағы мамандық па, әлде жоқ па - маңызды емес екенін айтады.  

"Осылайша бала өзінің күшін анықтап, оны дамытып, мықты мамақ бола алады", - дейді ол. 

Жасөспірімнің бейімділігін іздеуде тағы бір тәжірибе кәсіби мүдде қабырғасын құру болуы мүмкін. Онда зерттеулер, компаниялар тізімі, тарихтарды шабыттандыратын мақалалар, кандидатқа қойылатын талаптары бар әлеуетті бос орындар болуы мүмкін. 

"Әр жеткіншектің алдында таңдау тұрады. Жұмыссыздық саны артып келеді. Мен сіздерге "уайымдамаңыздар, жұмыссыздық жоқ" деп айта алмаймын. Ол қате. Жұмыссыздық күн санап өсіп келе жатыр. Бірақ оның басқа да тұсы бар. Бүгінде өз ісінің нағыз мамандары сұраныста", - деп түсіндірді Виктория Шиманская. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети