30 шілде 2020 12:07

Атырау облысында жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың мәлімдемесінен кейін прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысында жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу дерегі бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың мәлімдемесінен кейін прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысында жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу дерегі бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақ жол" демократиялық партиясына "ОралМедРегион" ЖШС директоры Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының лауазымды басшыларының үстінен шағым түсірген.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған ЖШС-мен республикалық бюджет есебінен 598 миллион теңгеге 45 бірлік жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша келісімшарт жасасқан. Алайда келесі күні шешім аяқ астынан өзгерген. Кәсіпорынға келісімшарттың бұзылатыны жөнінде хат келген. Себебі, қаржы министрлігінен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуды жергілікті бюджет есебінен жоспарлау туралы хат келген", - дейді Атырау облысының прокуратурасы.

Бұл факті бойынша облыстық прокуратура өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты істі тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тиіс материалдарды берді.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігі Оралдағы компанияға жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізуден бас тартқанын айтып, премьер-министрге хат жолдағанын мәлімдеген болатын. 

Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің әрекетіне байланысты Маминге хат жолдады

Депутат жасанды тыныс алдыру аппаратының отандық өндірушісі оларды Атырауға жеткізу бойынша келісімге келгенін, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі келісімшартты бұзуды талап етіп отыр, себебі олар жасанды тыныс алдыру аппараттарын Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып алып жатқанын айтқан болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети