18 шілде 2020 13:37

Атырау облысында карантин режимін ұзарту туралы қаулы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырау облысы бас санитар дәрігерінің карантин режимін ұзарту туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың бас санитары Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасап.


Атырау облысы бас санитар дәрігерінің карантин режимін ұзарту туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың бас санитары Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасап.

Қаулығы сәйкес, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 19 шілде сағат 00-ден бастап,  3 тамыз сағат 00-ге дейін қатаң шектеу және карантин шаралары ұзартылды.

Атырау облысының аумағында:

қалалар және ауылдық елдімекендер арасында автобус тасымалы тоқтатылсын; Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттарыбойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын;

әкімдік, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін қоспағанда, елдімекендерде тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына 23.00 – 6.00 сағат аралығында тыйым салынсын;
қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынсын;

мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысан субъектілерінің басшылары қызметкерлерінің жұмыс орнына және тұрғылықты мекен жайына жеткізілуін транспортпен қамтамасыз етсін;

Облыстың, қала, аудан өмірін қамтамасыз етіп отырған және үзіліссіз қызмет жағдайындағы кәсіпорындар қызметін қоспағанда, сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салынсын;

азаматтардың қозғалысына тыйым салынсын, тек тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруы (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда), тұрғылықты жеріне жақын маңдағы азық - түлік өнімдері, бірінші қажеттіліктегі тауарлар алу, дәріханалардан дәрі алу, шұғыл жағдайларда дереу медициналық көмек алу жағдайларын қоспағанда;

думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай - ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және өзге де шаралар өткізілуіне тыйым салынсын;
сағат 10.00-21.00 аралығында шектеу уақытымен қызмет етіп жатқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын - сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;

ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салынсын;

барлық мәдени нысандар қызметіне (театрлар, концерттік залдар, музей,көрмелер және т.б.) тыйым салынсын;

діни орындар қызметі (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагога және т.б)тоқтатылсын;

балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстар қызметіне тыйым салынсын;

фудкорт, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын;

СПА орталықтар, жаттығу залдары, фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар қызметіне, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынсын;

жабық азық түлік және азық түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салынсын;

сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек "үйге жеткізу" қызметі бойынша рұқсат берілсін;

3 адамнан артық топтасып жүруге және 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылсын;

мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтыққа және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимінде қалсын;

меншік нысанына қарамастан медициналық орталықтардың қызметіне алдын-ала тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің талаптарын сақтай отырып рұқсат берілсін;

күшейтілген санитарлық және  дезинфекциялық  режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер,  отель) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат берілсін;

сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

қоғамдық тамақтану объектілеріне (кафелер, мейрамханалар, барлар),аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындау және сатумен айналысатын ұсақ бөлшек сауда объектілерінің қызметінетек "үйге жеткізу" қызметі бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілсін;

ашық ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілеріне (жазғы алаңдарда)тыйым салынсын;
күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, ашық ауада қызмет көрсететін  құрылыс жұмыстарына, ауылшаруашылығы,  балық және мал шаруашылығына  рұқсат берілсін;

ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда,халыққа қызмет көрсететін (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне рұқсат тыйым салынсын;

бизнес орталықтарында орналасқан адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот приставтары және басқалардың  қызметіне тыйымсалынсын;

ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) жұмысын сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін, CaII орталықтардың жұмысы 9.00-ден 17.00-ге дейін Egov.kz сайты, EgovKZBBot 2.0 телеграмм-боты арқылы алдын-ала  брондау арқылы ұйымдастырылсын;  ал, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынсын;
күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, "Қазпочта" АҚ жұмысын сағат 9.00-ден 18:00-ге дейін және онлайн режимінде максималды қызметтер ұсыну жұмысы ұйымдастырылсын;
саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және басқа да демалыс орындарына баруға тыйым салынсын;

таксилерге, өндірістік аумақтарға, әуежайларға, тұрмыстық ойын алаңдарына, азық-түлік және азық-түліктік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитарлық және дезинфекциялық  жұмыстар жүргізілсін;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің, екінші деңгейлі банктердің қызметіне шектеулі жұмыс уақытымен сағат 00-ден 17.00-ге дейін рұқсат берілсін;

сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың қызметіне рұқсат берілсін.

Теңіз кен орнында бұрын енгізілген карантин режимі сақталады.

Осы қаулы 2020 жылдың 19 шілдесінде 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқыңыз.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің карантин және қатаң шектеу шараларын ұзартқаны туралы қаулысы шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети