25 қаңтар 2022 08:46

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atpress.kz © atpress.kz

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасай отырып.


Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

19 қаңтарда әйел Атырау облыстық перинаталдық орталығына түскен. Оған шұғыл түрде операция жасалған. Жаңа туған нәрестенің салмағы - 3 келі 70 грамм, бойы - 51 сантиметр.

Қазір ана мен бала үйінде, олардың жағдайы жақсы екені айтылды. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі өкілі әйелдің ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен жүкті бола алмағанын, көп жыл емделгенін айтты. Жасанды ұрықтандырудың арқасында ол жүкті болып, көптен күткен баласы дүниеге келген.

Еске салайық, 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Соған сай ұрықтандыру бағдарламасы бойынша квотаны жеті мыңға дейін, яғни жеті есеге арттыру міндеті қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети