28 тамыз 2022 17:42

Атырауда өткен концертте жүзден аса бала жоғалды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицияға 27 тамызда өткен мерекелік концерт кезінде жоғалған 120 бала жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.


Атырауда полицияға 27 тамызда өткен мерекелік концерт кезінде жоғалған 120 бала жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

"Атырау полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеді. Сағат 19:00-ден 00:00-ге дейін полицияға, сондай-ақ, алаңда жұмылдырылған топтарға балалардың жоғалғаны туралы 120 хабарлама түсті. Нәтижесінде, 1 сағатқа дейінгі уақыт аралығында барлық балатабылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, концерт кезінде жоғалып кеткен 6 баланың ата-анасының ұялы телефондары өшіп қалуына байланысты полицейлер балаларды мекенжай бойынша үйлеріне жеткізгені нақтыланып жатыр. Айта кетейік, концерт кезінде адамдардың қауіпсіздігі үшін алаңда ұялы байланыс өшірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети