16 қазан 2014 14:40

Атышулы постер авторлары апелляциялық сотта жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Havas Worldwide Kazakhstan ©Havas Worldwide Kazakhstan

Алматы қалалық сотында Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер туралы іс бойынша апелляциялық шағым қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматы қалалық сотында Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер туралы іс бойынша апелляциялық шағым қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Судья Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының постер авторларына жалпы сомасы 316 мың теңге болатын айыппұл салу туралы 24 қыркүйектегі үкімін өзгеріссіз қалдырды. "Сот алқасы бұл шағымды қанағаттандырусыз, ал сот қаулысын өзгеріссіз қалдыруға болады деп есептейді. Алғашқы инстанциядағы сот қолда бар дәлелдерге қарай дұрыс баға берген", - деді судья.

Тыңдау кезінде жарнама агенттігінің бас директоры Дария Хамитжанова постердің таратылғаны туралы айыптаумен келіспейтінін тағы бір еске салды, себебі принтті Facebook қолданушыларының бірі жариялады. "Постерді өз парақшасына орналастырған сол қызға ешқандай кінә артпаймыз. Бірақ оны постерді біздің таратпағанымызға дәлел ретінде қарастырамыз", - деді Хамитжанова.

Агенттік басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымданғалы отырғанын айтты. "Біз бүгін шағым жазуға көмектесетін құқыққорғаушылармен байланыс жасаймыз. Олар бұл жерде гомофобиялық мәтінмен бізге қатысты қудалау жүріп жатқанына көзімді ашты. Олар бізге аяғына дейін күресуге кеңес берді. Біздің қорғану тетігіміз - бізге жарнамалауға тыйым салынған тауар мен қызмет түрін насихаттады деген айыптың тағылуы. Сот ЛГБТ өкілдері жиналатын клубты жарнамалау заңсыз деп есептейді", - деді Хамитжанова. Ол апелляциялық сотта прокурордың "Студия 69" клубы маңында постер орналастырылды деген мәлімдемесі ойдан шығарылғанын айтты. Клуб бұған тапсырыс берген жоқ. Демек, мұның ол жерге орналастырылуы мүмкін емес", - деді жауапкер.

Ал Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының өкілі Бейбіт Тұрабаев жауапкер келтірген дәйектерді негізсіз деп есептейді. "Хамитжанованың сөзіне қарағанда, постер Азиялық жарнама фестиваліне арналып жасалған. Қараңыз, жай ғана шығармашылық байқау емес, жарнама фестивалі. Бұл принттің Интернетте орналасуына келісім берген компания өкілдері оның кеңінен таралатынын о бастан-ақ түсінген. Жарнама туралы заңда нақты жазылған, жарнама - кез келген ақпарат құралының көмегімен кез келген формада таратылатын және орналастырылатын өнім", - деді басқарма өкілі.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскені бейнеленген постерді жасаушыларға айыппұл салған еді. Әкімшілік хаттаманы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы толтырды. Хамитжановаға 129 640 теңге, ал оның агенттігіне 185 200 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. 

"Студия 69" клубын жарнамалайтын постер 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл жұмыс қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды, олар постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұрап, полицияға шағымданды. Айта кетейік, компания ресми түрде кешірім сұрап, Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген принттің еш жерде жарияланбайтынын, оның тек байқауға қатысу үшін ғана жасалғанын атап өтті. Постер авторлары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымымен де соттасып жатыр. 34 адам жарнама агенттігінен 34 миллион теңге талап етіп отыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети