11 тамыз 2017 17:01

Ауладағы Париж. Астана тұрғыны "Эйфель мұнарасын" жалға береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Үркер" ықшамауданының тұрғыны Жамбыл Тәженов үйінің ауласында Эйфель мұнарасының көшірмесін салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада "Үркер" ықшамауданының тұрғыны Жамбыл Тәженов үйінің ауласында Эйфель мұнарасының көшірмесін салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл Тәженовтың айтуынша, Эйфель мұнарасын салу оған ұялы байланыс станциясын орнату үшін жерді жалға беруін сұрап келгеннен кейін пайда болған. 

"Мен өзім салатынымды айттым, себебі ауламды бір темірлер жиынтығымен сәнсіз еткім келмейді. Содан кейін, мен не саларымды көп ойладым. Ал оның алдында мен Францияда болғанмын. Менің жұмыс үстелімде Эйфель мұнарасының сызбасы болды. Оны қолыма алып былай ойладым: Неге болмасқа?", - деп есіне алды ол. 

Оның айтуынша, мұнараны салуға бір жарым ай уақыт кеткен. 

"Інім Русланды шақырыдым. Ол маған көмектесті. Біз бір жарым айда аяқтадық. Бірінші төрт аяғын құрастырып, тұрғыздым, ал ішкі бөлігі тор секілді кете берді", - дейді Тәженов. 

Құрылыс кезінде кранды ол тек мұнарасын орнатуға пайдаланған. Ол өзі құрастырған мұнараның нық екеніне сенімді. 

"Басында барлығы бос тұрған, сосын мен балқытып біріктірушіні шақырдым. Ол дайын конструкцияға келіп, өз қызметін көрсетті. Мұнара өте нық тұр. Ол қатты жел соққанда максимум 10 сантиметрге шайқалуы мүмкін", - дейді ол. 

Ер адамның айтуынша, құрылыс қиынға соқпаған, тек бояуға біраз күш кеткен. 

Түнде конструкция жарқырайды. 

"Бізде осы конструкцияны заңдастыруда қиындықтар бар. Қалалық сәулет мұны неге жатқызарға білмейді, сол себепті бұл архитектуралық ғимарат емес дейді. Сонда бұл не екені маған қызық", - дейді ол. Мұнараның ең төменгі бөлігінде ол өз отбасы мүшелерінің алақан іздерін қалдырған. 

"Мен өз артымнан бір із қалдырсам деп ойладым. Ұрпақ үшін не қонақтарға да қызық болар еді. "Мұнда менің әке-шешемнің, өзімнің және екі қарындасымның алақан іздері бар", - деп түсіндірді ол. 

Жамбыл Тәженов болашақта пирамиданың көшірмесін және өзіндік қазақ киіз үйін салмақшы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети