29 наурыз 2024 16:55

Ауыл әкімдігінде бензин литріне 18 303 теңгеден сатып алынбақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қызылорда Антикоры бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр "АИ-92" маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 131 миллион теңгеден аса бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу дерегін анықтаған.

"Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр "АИ-92" маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алу жоспарланған.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу бағасын қайта қарап, оны сәйкестендіру жөнінде ұсыныс хат жолдады", - делінген хабарламада.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша, 131 миллион теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделді, әкімдіктің жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети