26 қыркүйек 2021 19:00

Айбек Нұғымаров ER-BATYR жобасында: "Спортшы таза болуы керек"

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының қонағы - қазақ күресінен төрт дүркін әлем, бес дүркін Азия чемпионы, үш дүркін "Әлем барысы", екі дүркін "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбатта депутат болуға неге шешім қабылдағанын, қазір не туралы армандайтынын, Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін қазақстандық спортшыларға айтылған сын-пікірлер туралы әңгімеледі , жеңілу себептеріне қатысты сұраққа жауап берді.
Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалаңыздар.
Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.


ER-BATYR жобасының қонағы - қазақ күресінен төрт дүркін әлем, бес дүркін Азия чемпионы, үш дүркін "Әлем барысы", екі дүркін "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбатта депутат болуға неге шешім қабылдағанын, қазір не туралы армандайтынын, Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін қазақстандық спортшыларға айтылған сын-пікірлер туралы әңгімеледі , жеңілу себептеріне қатысты сұраққа жауап берді.
Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалаңыздар.
Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жоба қонағы Жапонияда өткен Олимпиадада сәтсіздікке ұшыраған қазақстандық спортшыларға қатысты сын-пікірлер туралы айтты.

"Мен спортшы ретінде айта аламын. Олар көпшілік алдында сезімдерін көрсетпейді. Қазір оларға өте қиын. Олимпиадаға барған 90 спортшы халықтың абыройы туралы ойлады. Олар Олимпиадаға өз мүддесі үшін чемпион атануға барған жоқ. Олар ел үшін жұмыс істеді. Ту алып жүрді. Ту алып жүріп, жеңіссіз оралу - өте қиын. Спортта жеңілу - өте қиын. Ел намысын қорғауда жеңіліп, Отанына оралу спортшылар үшін қиын. Мен олардың жағдайын түсінемін, олар осы үшін өз-өздерін кінәлайды. Біз ешқашан Олимпиададан медалсіз, алтынсыз қайтып көрмедік. Әр нәрсенің өз себебі бар. Мүмкін еліміздің спортында бірдеңе болған шығар. Қоғам, блогерлер "Қола дәуірі, қола, қола!" - деп әзілдеді. Бірақ қола біз үшін Олимпиадада алтынмен тең болды, бұл - мен үшін де алтын", - деді ол.

Айбек ұлттық құраманың Олимпиададағы сәтсіздігі туралы сұраққа жауап берді.

"Жеңілгеннің сылтауы көп". Шынында да, біреулер қаражат жетпеді, кейбіреулер басқа нәрсе жетпеді деді. Оларға өздерін ақтау керек. Шындығында бәрі жеткілікті болды. Ақша ешқашан жетпейді. Басында айтқанымдай, спортшының басы бос болу керек, ол басқа нәрсе туралы ойламауы керек. Яғни үйі, балалары туралы ойламауы қажет. Әскерде жүрген адам сияқты. Спортшыда бәрі дұрыс болуы керек. Спортшыда бәрі дұрыс болса, алаңсыз жаттықса, ол табысқа жетеді. Егер оның үйінде қиындықтар болса, спортшыға да қиын болады, менің ойымша, бұл жерде елу де елу болады.

Сондай-ақ, спортшы неге депутат болуға шешім қабылдағанын айтты.

"Маған халықтан ұсыныс түсті. "Айбек, біз сені білеміз", - деді. Мен он адамның екі-үшеуіне көмектессем, бұл - мен үшін бақыт. Біз ел үшін аянбай еңбек еттік, мемлекет бізді қаржыландырды, енді біз мемлекет үшін жұмыс істеуіміз керек. Мемлекетке қызмет етіп, халқымызға көмектесу қажет. Қазір адамдар әртүрлі пікір айтады. Егер әрбір азаматтың қолынан келсе, Қазақстан басқа ел болар еді. Мен өз деңгейімде бәрін жасай аламын. Бірақ мен өз мүмкіндігімнен жоғары нәрсені жасай алмаймын. Не болса да, төменнен бастау керек. Мен депутат ретінде халықпен кездескенде, тек қолымнан келетін нәрсеге уәде беремін. Мүмкін емес нәрсені уәде етіп, кейін орындамау - мен үшін өте қиын. Мен әрқашан мұқтаж адамдарға қолдау көрсеткенді құптаймын. Егер олардың жағдайы шешілсе, мен бақытты боламын. Өтірік айтпаймын, тек қолымнан келгенін жасадым. Сен молшылықта өмір сүріп, қасыңдағы адамда болмаса, бұл - өте қиын", - деді ол.

Айбек бағдарламада өз арманы туралы да ой қозғады:

"Мен өмірде шатаспай, осы спорт түрін таңдағаныма қуанамын. Мен әлі күнге дейін айтамын: Құдай маған шыдамдылық, еңбекқорлық берді. Осы қасиеттердің арқасында мен жетістікке жеттім. Әлі қолым жетпеген дүниелер де бар. Олимпиадаға баруды армандадым. Спортшының арманы - Олимпиада, бұл - ең биік шың. Енді менің арманым - елге қызмет ету, елмен бірге болу, балаларды дұрыс тәрбиелеу. Мен көп жыл жұмыс істедім, енді жемісін көргім келеді. Біз дұрыс жолмен жүруіміз керек. Ең бастысы адамдық қасиеттерімізді жоғалтпау керек. Егер адамдық қасиеттен айырылмасақ, бізде бәрі жақсы болады".

Инстаграм желісіндегі жобаның ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети