04 мамыр 2019 10:20

"Бақытты отбасы" бойынша жеңілдетілген баспананы кімдер ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда мамыр айынан бастап көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлайды. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Ермек Әміров айтып берді.


Алматыда мамыр айынан бастап көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлайды. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Ермек Әміров айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінде алматылықтардан "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 1 600 өтініш түскен. Бірақ бағдарлама талаптарына тек 600-дей өтініш сай болған.

"Жалпы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 1600 өтініш келіп түсті. 600-ден аса өтініш бағдарламаға сай болып шықты. Қазіргі таңда 400-ден аса тұрғын төлем қабілетін растау үшін банкке жүгінді. 260-тан аса тұрғынның төлем қабілеті нақтыланып, олар өз пәтерлерін таңдап жатыр. Нақты 87 тұрғын пәтер тауып, 34-і банкпен шарт жасасты. Мамыр айында жаңа пәтерлеріне қоныс аударады. Бұл - "Бақытты отбасы" бағдарламасының көпбалалы отбасы санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Бірақ өтініш білдіргендердің ішінде ол санатқа жатпайтын және мүлдем кезекте тұрмағандар да болды. Сондай-ақ Алматы қаласында тіркеуде жоқтары да болды. Сол себептен мыңнан аса өтініш кері қайтарылды", - дейді Ермек Әміров.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша пәтерлер жылына 2 пайызбен 18 жылға дейін беріледі. 15 миллионның алғашқы жарнасы - 1,5 миллион теңге. Соның 1 миллион теңгесі әкімішілік тарапынан қайтарымсыз беріледі екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети