20 маусым 2023 10:45

Балаларым қарапайым мектепте оқитын болады - министр Саясат Нұрбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралғанын және олардың қарапайым мектепте оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралғанын және олардың қарапайым мектепте оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олар қазір Қазақстанға келді. Елде қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, түрлі нұсқаларды қарастырамыз", - деді министр.

2022 жылдың маусым айында журналистер Саясат Нұрбектен балаларының неге Кипрде оқитынын сұраған.

"Олар Қазақстанға қайтып келеді. Мен сізге олардың осында екендігі туралы егжей-тегжейлі фоторепортаж беремін. Мен оларды асыға күтемін. Кипрде оқуының себептері бар. Біріншіден, бұл менің әйелім мен балаларымның денсаулығына байланысты. Нақты проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке қарай, оларды осында, жекеменшік мектептерде қаржылық тұрғыдан оқыта алмадым", - деді Саясат Нұрбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети