17 қазан 2021 17:53

Балқаш маңында ұшақ апатқа ұшырады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Уикипедия Сурет: Уикипедия

Алматы облысы Балқаш көлі маңында жеңіл моторлы Cessna 182 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Балқаш көлі маңында жеңіл моторлы Cessna 182 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған.

11.15-те Қарағанды брифингіне әуе күштері алаңынан ұшу кезінде ұшақ аударылып кеткені, бортта 1 экипаж мүшесі, 1 жолаушы болғаны, ешқайсысы зардап шекпегені туралы хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Әуе кемесі командирі ұшақ толық бұзылғанын және дәрігерлердің көмегі қажет емес екенін айтты.

Еске салайық, жазда Ан-2 ұшағы Қызылорда маңында құлаған болатын. ТЖМ мәліметінше, оқиға 4 шілдеде сағат 07.00 шамасында Қызылордадағы Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде болған.

Ұшақ бірнеше шақырымнан кейін, мәжбүрлі қону кезінде техникалық ақауларға байланысты тікелей алаңға құлады деп хабарланды. Бортта 1954 және 1967 жылы туған екі ұшқыш болды. Олар ауруханаға жеткізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети