1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Алматыдан табылды 11 сәуір 2021, 17:02

Қарағандылық полицейлер Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қызды Алматыдан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қарағандылық полицейлер Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қызды Алматыдан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

10 сәуірде Балқаш қаласының полиция бөлімшесіне келіп 35 жастағы әйел адам 15 жастағы қызы жоғалып кеткенін айтқан. Ол үйден шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефонын да алмай кеткен. 

Полиция қызметкерлері қыздың із-түссіз жоғалып кеткені туралы деректі тіркеді. Оны іздеуге Қарағанды облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы тартылды. 

Нәтижесінде 11 сәуірде ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге із-түзсіз жоғалған қызды Алматыдан тапты. Жасөспірім Алматыдағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұл туралы полицейлер оның ата-анасына хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!