24 ақпан 2020 17:50

Бас санитар дәрігер Зайсандағы жағдайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Зайсан ауданында бірнеше адамның коронавирусқа тексеріліп жатқаны айтылған еді.

"Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында науқас жоқ деп ресми түрде айтамын, ешкім де вирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген жоқ. Біз ЖРВИ немесе тұмауды алдын алу шараларын жоспарлаған кезде барлығына дайын болуымыз керек. Себебі бұл ауа тамшылары арқылы таралады", - деді Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп соңғы уақытта WhatsApp-та еліміздің бірнеше қаласында коронавирус жұқтырғандар туралы хабар тарап жатқанын еске салып, жалған мәліметке сенбеуге шақырды.

Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да 11 қазақстандық пен 4 қытайлықтың коронавирусқа байланысты тексеріліп жатқаны хабарланған еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети