24 ақпан 2020 11:22

ШҚО-да 11 қазақстандық пен 4 қытайлық коронавирусқа байланысты тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің сайтына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, олардың бірде-біреуінде коронавирус белгілері анықталған жоқ.

Коронавирусқа қарсы іс-әрекет ету мақсатында ШҚО тұрғындары үшін арнайы оқшауланған медициналық стационарлар қарастырылғаны айтылады.

"Қазіргі таңда арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр (11 Қазақстан азаматы және 4 ҚХР азаматы). ҚХР-дан облыс аумағына қайтып келетін әрбір Қазақстан азаматын шекарада медицина қызметкерлері тексереді. Егер жөтел, тұмау, дене қызуы және коронавирустың өзге белгілері болмаса, Қазақстан азаматы арнайы медициналық стационарға 14 күн мерзімге бақылауға орналастырылады. Осы кезең өткеннен кейін аурудың қандай да бір белгілері болмаған жағдайда ол азамат стационардан шығарылады", - делінген әкімдіктің сайтында.

Төрт елден үрейлі хабар жетті: коронавирус жұқтыру дінмен байланыстырылды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети