Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты сот отырысы басталды

14 Қыркүйек 2016, 11:20
0
Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты сот отырысы басталды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қаскелендегі Қарасай аудандық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Бұл істі сот төрағасы Берікжан Байжүнісов қарайды. Оның айтуынша, Есентаевтың ісімен алқа билер соты айналысады. Сондай-ақ ол сот отырысын жабық түрде өткізу туралы шешім қабылдады. Себебі Есентаевқа сексуалдық мәндегі айыптар тағылып отыр. Сонымен қатар Бақытбек Есентаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабынан басқа ("Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу"), ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Зорлау") бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Баян Есентаева сот отырысына келмеді.


Сотталушының адвокаты Бекболат Жексеитов.

Осыған дейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат бергенболатын. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай