Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Баян Мақсатқызы күйеуіне қатысты сот отырысына сіңлісімен бірге келді

18 Қазан 2016, 17:25
0

Баян Мақсатқызы Талдықорғанда күйеуіне қатысты өтіп жатқан сот отырысына сіңлісімен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистер продюсердің сот залына кіріп бара жатқан сәтін түсіріп алмақ болды, алайда белгісіз ер адамдар оны түсіруге кедергі келтірген.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы осы іске қатысты ешқандай пікір айтпай, Nissan көлігіне мініп, кетіп қалған.

Осыған дейін Талдықорғанда Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерін іріктеудің басталғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. 

Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді. "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай