13 тамыз 2020 20:11

"Бәйтеректе" білім ұясы бой көтеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала іргесіндегі 6 мыңнан аса отбасына арналған "Бәйтерек" шағын ауданында білім ұясы бой көтеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қала іргесіндегі 6 мыңнан аса отбасына арналған "Бәйтерек" шағын ауданында білім ұясы бой көтеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл соңында пайдалануға берілуі тиіс мектептің құрылыс жобасын шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға таныстырып, нысанның алғашқы кірпіші қаланды.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева мен Наталья Жұмаділдаева қатысты.

Жауапты сала басшыларына жаңа мектептің құрылысы уақытылы аяқталуын тапсырған аймақ басшысы білім ошағының заманауи үлгіде жүзеге асып, оқушылардың игілігіне бағытталуы керек екенін айтты.

Өз кезегінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалардың жаңа мектепке қатынауында ешқандай қиындық болмайтынын, шағын ауданда қоғамдық көлік ашылып, оған қосымша балалар тасымалына арнайы автокөліктер қарастырылатынын жеткізді. Сонымен бірге орын тапшылығын болдырмау мақсатында "Бәйтерек" шағын ауданында тағы екі мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарланғанын, Саяхат шағын ауданында 600, Е. Демесінов көшесінің бойында 500 орындық екі мектептің құрылысы инвесторлар есебінен жүргізіліп жатқанын айтты.

Бәйтеректегі білім ошағының құрылысы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Қазіргі уақытта құрылысқа қажетті техникалар мен материалдар жеткізілген. Екі ауысыммен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына 140 адам жұмысқа тартылған.

"Ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр" - деді жобаны жүзеге асырушы мердігер "Болашақ-Девелопмент" ЖШС басшысының орынбасары Айдар Әбдірахманов.

Шет аймақтан бой түзейтін білім ордасында оқушыларға арналған футбол, волейбол, баскетбол, жүгіру алаңдарымен қоса кіші және үлкен сыныптарға арналған гимнастикалық алаңдар салынады. Сонымен бірге мектеп мұғалімдері арнайы демалыс орнымен автотұрақпен қамтылатын болады.

Айта кету керек, мұнан бөлек Жаппасбай батыр көшесінің бойындағы 600 орындық мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Бұған қосымша 3 мектептің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети