05 сәуір 2021 18:13

Бекшин тойда жүрген қызметкерінің видеосына қатысты түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Желіде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың WhatsApp мессенджерінде жариялаған видеосы талқыланып жатыр. Ведомство басшысы Жандарбек Бекшин жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың WhatsApp мессенджерінде жариялаған видеосы талқыланып жатыр. Ведомство басшысы Жандарбек Бекшин жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкері Қымбат Қызайбекованың тойда жүргені көрінеді.

Tengrinews.kz тілшісі жағдайға қатысты Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге сұрақ қойды.

"Орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Видео екі жыл бұрын түсірілген. Ол 2020 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді және баспасөз хатшысы емес. Хатшы 25 наурызда денсаулығына байланысты жұмысынан кетіп, қазір орнында Мұхамедияров отыр. Видеодағы қыз оған ақша аударымдарына көмектеседі. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Видео пандемияға дейін түсірілген", - деді Бекшин.

Алайда интернет қолданушыларының айтуынша, видеоға мәтін жазу функциясы тек 2020 жылдың соңында пайда болған.

"Мұны тәжірибелі тергеуші анықтауы керек. Қазір ол техникалық қызметкер, 10 күн уақытша жұмыс істейді. Біз баспасөз хатшысының орнына жаңа конкурс жариялаймыз.

Егжей-тегжейлі тергеу жүргіземіз. Бірақ, әзірше оқиғаның бір апта немесе бір ай бұрын болғанын дәлелдей алмаймыз", - деп жауап берді бас санитария дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети