10 қаңтар 2022 10:45

Белгілі дәрігерлер Тоқаевқа үндеу жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Белгілі қазақстандық дәрігерлер елдегі кейінгі оқиғаларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі қазақстандық дәрігерлер елдегі кейінгі оқиғаларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, "University Medical Center" КҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман қиын-қыстау кезеңде Президентке, оның шешуші іс-әрекеттеріне және мемлекеттің жалғыз заңды жоғары лауазымды тұлғасы ретінде ел егемендігі мен тұтастығын сақтаудағы теңдессіз дипломатиялық күш-жігеріне жан-жақты қолдау көрсететіндерін мәлімдеді.

"Қоғамның жіктелуі және миллиондаған азаматтың кедейлігі бейбіт наразылықтар болуына әсер етті. Онда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты әділ талаптар қойылды. Осы талаптарды естіп, қажет шаралар қабылдадыңыздар", - деді дәрігерлер Мемлекет басшысына.

Олар әскери қызметшілердің, полиция қызметкерлері мен бейбіт азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айтып, өз жақындарын қорғау және өздері тұратын аудандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында еріктілер тобын құрған қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Олардың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде дәрігерлер де медициналық мекемені қорғауға дайын болған.

"Көптеген медицина қызметкері өмірін қатерге тігіп, ауруханаларды өз бетінше қорғауға тырысты. Лаңкестер ауруханаларды шабуыл әрекеті үшін алаң, ал науқастарды кепіл ретінде пайдалануға тырысты", - деді олар.

Дәрігерлер зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету бір секундқа да дамылдамағанын айтты.

"Еліміздің мыңдаған медицина қызметкері сияқты Сізге сенеміз және еліміздің жарқын болашағы жолындағы тарихи миссияларыңызды орындауға кәсіби тұрғыда үлесімізді қосуға дайынбыз. Біз сізбен біргеміз!", - делінген үндеуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети