Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © Tengrinews.kz

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

27 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Қостанай қаласында түнде және күндіз 27 қантарда бұрқасын, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Петропавл қаласында 27 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады. 

27 қантарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 25 метр жетеді. Өскемен қаласында 27 қантарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр жетеді. Семей қаласында 27 қантарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

27 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр сақталады.

27 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтау қаласында 27 қаңтарда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети