14 наурыз 2018 16:05

Бишімбаевтың ісі: Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья Әділхан Шайхисламов "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ топ-менеджерлеріне қатысты іс бойынша сот үкімін шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Судья Әділхан Шайхисламов "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ топ-менеджерлеріне қатысты іс бойынша сот үкімін шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы - Аслан Жақыповты пара алды деп танып, оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Жалпы осы іс бойынша 11 адам қамауда болды, оның ішінде Қуандық Бишімбаев та бар. Кейбір күдіктілер 2016 жылдың қараша айында қамауға алынған еді. Істегі қалған фигуранттар үй қамауында немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Бишімбаевтың ісі бойынша фигуранттар кім?

Осыған дейін өткен сот отырыстарының бірінде экс-министр Бишімбаев 2 миллион доллар пара алды деген айыптауға жауап берген болатын. "Пара алу бойынша айыптаудың маған қарсы екенін айтқым келеді. Бұл айыптау Исабектің, Айталиевтің, Бекжановтың куәлігіне негізделген. Тергеу кезеңі бойында менен де, жұбайымнан да, тіпті басқа біреуден де бұл пара табылмады. Айыптаушы 2015 жылдың 22 сәуірінде мейрамханада Тоқтаровпен, Айталиевпен және Исабековпен кездесуімде пара алуға келісім жасалды деп есептейді. Бұл шындыққа жанаспайды", - деген еді Қуандық Бишімбаев.

Кейінірек наурыз айының басында өткен отырыста осы істегі фигурант Бауыржан Айтымбетов мәлімдеме жасаған болатын. "Адам әр істе соңына дейін шындықты айтуы керек. "Мен мәжбүр болдым" деудің орнына шындықты айту керек. Бұл барлығына қатысты. Алынған параның барлығы қайта қалпына келтірілді. Мен алған параның барлығы толықтай тәркіленді. Иә, мен пара алдым, пара бердім, мен - жемқормын. Міне, осы шындық", - деп мәлімдеген еді Бауыржан Айтымбетов.

Содан кейін сот отырысы барысында Қуандық Бишімбаевтің анасы да мәлімдеме жасаған еді.

"Судья мырза, ана ретінде ғана емес, Қазақстан азаматы ретінде де айтқым келетіні, барынша обьектив болуды сұраймын. Бұлай сіз жалғыз ұлымның ғана емес, бүкіл отбасының, ең бастысы кәмелетке толмаған төрт баланың тағдырын шешесіз. Қуандық Бишімбаевтың анасы ретінде ұлымның бұл қылмысты жасамағанын мәлімдеймін. Сотты менің ұлымды ақтауын өтінемін", - деген еді Альмира Нұрлыбекова. 

Мұнымен қоса, экс-министрдің әйелі де сотта сөз сөйлеген болатын.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, экс-министр 2017 жылдың қаңтарынан бері қамауда болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети