17 маусым 2015 13:23

Биыл Астана күні қалай тойланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Биыл Елорда күніне орай қалада 70-тен астам шара өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.


Биыл Елорда күніне орай қалада 70-тен астам шара өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елорданың 17 жылдығын мерекелеу - айтулы даталар негізінде өрбиді. Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Ал Елорда күнінің басты тақырыбы - "Ел жүрегі - Астана!".

"Елорда күніне арналған шаралар мен фестивальдар дәстүр бойынша алдын ала басталады. Олардың қатарында ел өңірлерінен жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған "Аялаған, Астана!" жалпы республикалық телевизиялық балалар конкурсы, "Сахнадан сәлем!" халықаралық театр фестивалі және өзге де мәдени шаралар бар. Елорда күнін ресми мерекелеу 4 шілдеде Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімінен басталады", - дейді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, Astana Art fest фестивалі суретшілерді, әртістерді, музыканттарды және көрермендерді біріктіреді. "Нұрлы Есіл" мультимедиялық-пиротехникалық шоуға көптеген көрермен жиналады деп күтіліп отыр. Ал дәстүрге айналған және жұрт көңілінен шыққан фестивальдар - "Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана" көшпелі өркениет фестивалі, "Астана Арқау" түркілік музыка, "Азия жаңғырығы" цирк өнері, "Өзен әуені" классикалық музыка, Magic Astanа сиқыршылар өнері, өзге де концерттік және фестивальдік бағдарламалар ауқымдылығымен және ғажайып көріністерімен көрермендерді қуантады.

Қаланың ең үздік концерттік алаңдарында түрлі жанрдағы бағдарламаларымен отандық және шетелдік әртістер өнер көрсетеді. Көрермендерді джаз музыкасының Summer Jazz Astana фестивалі және Il DIVO классикалық квартеттің концерті, сондай-ақ, классикалық орындаушылардың, әлемдік деңгейдегі ұжымдардың, Нұрлан Абдуллиннің шығырмашылық кеші күтіп тұр. "Көңілді Астана" сатира кеші және "Елорда кубогы" сарапқа салынатын Халықаралық әзіл фестивалі мерекелік көңіл-күйді көтере түседі. Онда Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның ең үздік көңілді, тапқырлар клубының командалары әзіл айтып, жарысады.

Бұдан өзге сауда жасауға әуестер үшін елорданың барлық сауда орталықтарында "17 пайыздық жеңілдік" акциясы өткізіледі.

"Елорда күні салауатты өмір салты мен спорт сүйер қауымға да қызықты болмақ. Олар үшін алғашқы халықаралық жекпе-жек түрлерінің фестивалі, үстел теннисінің марафоны, "Асық ату" ашық қалалық біріншілігі, жаппай велошеру, ММА ережесіз жекпе-жек турнирі, "Қазақстан барысы" республикалық турнирі, гольфтан Елорда кубогы турнирі өтеді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары мен қонақтарын мерекелік шараларға мейлінше көп тарту мақсатында шараларды саябақтарда, гүлзарлар мен алаңдарда өткізу қарастырылған. Astana park land қала саябақтары фестивалі, "Аспаздар шеберлігі - сүйікті қалаға", "Астана аспаны" атты әуе шарлары мен батпырауықтар фестивалі, "Астана самалы" үрлемелі аспаптар, Іnternational street dance session in Astana көше билері, "Шаттық" балалар шығармашылығы, Pop up shop Astana-2015, "Айналайын Астанам, асқақ әнім", "Сәлем, Астана", "Қайырлы кеш, Астана!" кешкі концерттік бағдарламалар және тағы да басқа мәдени шаралар өткізіледі. 

Айта кетейік, Елорда күніне арналған шаралар дәстүр бойынша салтанатты отшашуымен аяқталады. Оны қаланың бірнеше бөлігінен, атап айтқанда Есіл өзенінің жағасынан, "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығы алаңынан және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақтан көруге болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети