26 мамыр 2022 06:38

БҚО-да қасқырлар шаруалардың мазасын қашырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: znanie-svet.ru Фото: znanie-svet.ru

Ұялы ауылдық округінде жыл басынан бері жүзге жуық малды қасқыр қырған. Негізінен, бұзаулар мен қойлар зардап шекті, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Ұялы ауылдық округінде жыл басынан бері жүзге жуық малды қасқыр қырған. Негізінен, бұзаулар мен қойлар зардап шекті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, ауылдық округте 62 қожалық бар. Бәрінің мәселесі ортақ. Шаруаларда мылтық болғанымен, қасқырды атуға рұқсат жоқ. Соңғы екі-үш жылда қасқыр мүлде ауланбапты.

"Әр жиналыс, әр есептік кездесу сайын қожалықтар өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып отырады. Көктем немесе күзде қасқырдың малға тиетіні рас. Қыста қардың болмауы кедергі болады, техника жүре алмайды. Қасқыр атуға рұқсат алу онлайн ғой қазір, жеңілдік бар. Осы жоспарда 2-3 қожалықты біріктіріп, аламыз ба деп отырмыз", - Ұялы ауылдық округінің әкімі Ерлан Ермекқалиев. 

Сала мамандарының айтуынша, 2017 жылы аймақта небәрі 400 шақты қасқыр болған екен. Сол кезден бастап оларды атуға қатаң шектеу қойылған. Ал биыл түз тағысының саны үш есе өсіпті. Енді 196 бөріні атуға рұқсат берілген. Арнайы құжат алу үшін аңшылар электронды порталға тіркеліп, өтініш тастауы тиіс. Алайда әрқайсы 3 қасқырдан артық ата алмайды.

"Егов.кз порталы арқылы келіп түскен өтінімдерге сәйкес, 186 басты атуға рұқсат қағаздары берілді. Қазір 10 қалды. Өтініштерді аңшылар бере алады. Онда өзінің аңшылық куәлігі болу керек. Мылтықтың рұқсат қағаздары болу керек. Сол деректерді көрсете отырып, қасқырды атуға рұқсат қағаздарын ала алады. Жыл бойына бір лимит беріледі, ол өзгермейді. Келесі жылға қасқырдың саны көбейсе, лимиттің де саны көбейеді деген сөз. Бір аңшы бірнеше ауданды көрсетеді. Ол заңды, әрине", - орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети