01 сәуір 2024 14:20

БҚО-да құтқарушы пышақ жарақатын алған: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Полицейлер су тасқынына байланысты жұмыстар кезінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полицейлер су тасқынына байланысты жұмыстар кезінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Дерек бойынша, соталды тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Бүгінде Оралда және облыстың бес ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқаны айтылды.

Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы полиция қызметкері.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы құтқарушының Қазталов ауданындағы ауруханада жатқанын хабарлады. Ол 31 наурызда сағат 18:00-де медициналық көмекке жүгінген. Ол арқасынан жарақат алған.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Оған қажетті ем қабылданып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети