06 қазан 2020 18:51

Блокбекеттегі жол апаты: қайтыс болғандардың туыстары экс-полицейден материалдық шығын талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бақылау-өткізу бекетінде адам өліміне соқтырған жол апатының ісі бойынша басты сот талқылауы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір бұл іс бойынша бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов айыпталып жатыр.


Алматыда бақылау-өткізу бекетінде адам өліміне соқтырған жол апатының ісі бойынша басты сот талқылауы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір бұл іс бойынша бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов айыпталып жатыр.

Сотта қаза тапқан полиция қызметкерлерінің бірі Дастан Әбдіқановтың әкесі айыпталушыға келтірілген залалдың мөлшерін айтты. Марат Әбдіқановтың айтуынша, ұлы қайтыс болғаннан кейін оған 2,8 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Сондай-ақ, ол Азаматовтан моральдық шығын ретінде миллион теңге талап етіп отыр.

Сотта тағы бір қайтыс болған полицей Жарас Жанғазиевтің жесірі де арыз жазды. Ол келтірілген залал ретінде жалпы сомасы 22 миллион теңге сұрады. Әйелдің айтуынша, оған екі, төрт және тоғыз миллион теңге балалары 18 жасқа жеткенше қажет. Ол тағы жеті миллион теңгені моральдық шығын ретінде өтеуді талап етті. 

Бұған дейін сот отырысында Әбдіқановтың жары жол апатына себепкерден 36 миллион теңге талап етіп отырғанын айтқан. Динара Аманның айтуынша, оның баласы 18 жасқа толғанға дейін дәл осындай көлемде қаражат қажет.

Еске салайық, 25 мамырда BMW көлігінің мас жүргізугісі Көксай шағын ауданындағы блокбекетті бұзып, патрульдік көлікке соғылған болатын. Көлік салонында екі полицей болған. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі астан Әбіқанов ауруханада көз жұмған еді. 

Апат салдарынан үшінші полицей ауыр жарақат алып, кейін ауруханадан шығарылған болатын. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған полицейлерді марапаттаған еді.

Қыркүйектегі сот отырысында Азат Азаматов кінәсін мойындаған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети