12 сәуір 2019 10:03

Болат Жұмабеков Петропавл әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Жұмабеков. © sko.kz Болат Жұмабеков. © sko.kz

Болат Жұмабеков Петропавл әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл қызметте 2012-2013 жылдары болған еді.


Болат Жұмабеков Петропавл әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл қызметте 2012-2013 жылдары болған еді.

Ал бүгінге дейін Болат Жұмабеков Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Болат Серікұлы Жұмабеков Көкшетау облысы Қуйбышев ауданының Қуйбышев ауылында 1972 жылдың 5-ші қарашасында дүниеге келген. Ол Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Агроном және заңгер. Өзінің еңбек жолын 1995 жылы СҚО Тимирязев ауданында шаруашылық қожалығының агрономы қызметінен бастаған. 1999-2005 жылдар аралығында Тимирязев ауданы жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің төрағасы болған. 2005-2007 жылдарда СҚО Тимирязев ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы. 2007-2009 жылдар аралығында Тимирязев ауданының әкімі қызметін атқарған. 2009 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін СҚО әкім аппаратының жетекшісі.    

2011 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2014-2018 жылдар аралығында СҚО Қызылжар ауданы әкімі қызметтерінде болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети