21 мамыр 2021 10:17

Бозжыра шатқалы қоқыс алаңына айналып барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © inaktau.kz Фото: © inaktau.kz

Маңғыстау облысындағы бүкіл Қазақстанға және одан тыс жерлерге табиғи ғажайыптардың бірі ретінде белгілі Бозжыра шатқалы қоқыс үйіндісіне айналып барады, - деп хабарлайды inaktau.


Маңғыстау облысындағы бүкіл Қазақстанға және одан тыс жерлерге табиғи ғажайыптардың бірі ретінде белгілі Бозжыра шатқалы қоқыс үйіндісіне айналып барады, - деп хабарлайды inaktau.

Қызылсай табиғи саябағының он инспекторы демалушылар қалдырған қоқысты жинаға тырысады. Бірақ олар мемлекеттік қорықтың 316 мың гектар аумағын бақылап отыра алмайтынын айтты.

Ерекше пейзаждарымен әйгілі шатқал Ақтаудан 300 шақырым жерде орналасқан. 1 наурыздан бері Бозжырға екі мыңға жуық турист келген. Жол талғамайтын көлікті жалға алу бағасы - 80 мың теңге және одан жоғары. Алайда бұл жердің танымалдығы табиғат сұлулығының сақталуына қарсы.

"Біз саяхатшыларды қарсы аламыз, браконьерліктің алдын алып, көліктерде қарудың бар-жоғын тексереміз. Нұсқау береміз, от жақпауды, қоқысты бірге алып келуді сұраймыз. Бірақ шатқалға апаратын барлық жолды бақылау мүмкін емес. Сондықтан саяхатшылар қоқыстарын қалдырып кете береді. Бізде аптасына екі рет қоқыс шығаратын жүк көлігі бар", - дейді "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи саябақ қызметкері Наурыз Әнесов.

© inaktau.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети