Бозымбаев Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың “қара жәшігіндегі“ жазбаның тарауы туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы ұшағының "қара жәшігіндегі" жазбаның интернетте таралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы ұшағының "қара жәшігіндегі" жазбаның интернетте таралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, жазбаны ашуға қазақстандық, ресейлік, әзербайжандық және бразилиялық сарапшылар қатысқан.

"Барлығы тең қолжетімділікке ие болды. Мен ("шығып кеткен" жазбаны – еск.) тыңдадым – бұл негізінен жермен жүргізілген келіссөздер сияқты. Мен экипаж мүшелерінің арасындағы келіссөздерді естіген жоқпын. "Қара жәшікте" капитан, ұшқыш және экипаж мүшелерінің жүргізген барлық келіссөздері бар. Онда сәл көбірек ақпарат бар. Осыған сүйене отырып, бұл біздің тергеу тобымыздан шыққан ақпарат деп есептемеймін", – деді вице-премьер.

Бозымбаевтың айтуынша, желіде тараған жазба "қара жәшіктердегі" мазмұннан айтарлықтай ерекшеленеді.

"Егер оны "қара жәшіктердің" жазбасы ретінде қарастырмасақ, "ақпараттың тарау" көзін не үшін іздейміз? Интернетте біреу бірдеңе жариялағаны, бұл шындық дегенді білдірмейді. Жарияланған жазба мен нақты жазбаның айырмашылығы үлкен. Сондықтан ресми дереккөздерді күтіңіздер", – деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, ұшақтың "қара жәшіктері" қазір тергеу тобында.

"Ұшақ сынықтары Ақтаудағы ангарда сақталған, оларды тиісті халықаралық сарапшылар тексерді, олар өз қорытындыларын береді. Жазбаны ашу материалдары авиациялық оқиғаны, оның ішінде оқиғаның қашан және қалай болғанын, экипаждың кәсіби немесе кәсіби емес әрекеттерін, жерден қандай командалар берілгенін зерттейтін басқа топтың қолында. Осы материалдар жарияланған соң, көптеген қаңқу сөздерге нүкте қойылады деп ойлаймын", – деп түсіндірді Бозымбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer