23 тамыз 2018 09:02

"Бір айдан соң мұнда Президент келеді"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TVK © TVK

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысында өткен жиын барысында бұрынғы облыс орталығынан Түркістанға көшпеген шенеуніктерді сынға алды. Ол мемлекеттік қызметкерлердің барлығы әлі күнге дейін көшпегеніне наразылық танытты, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Үкімет басшысы бір ай ішінде облыс орталығына көшуді тапсырды.

"Сендер осылай ақша жоқ деп отыра берсеңдер, ешқашан да көшпейсіңдер. Бір айдан соң мұнда Президент келеді. Сол кезге дейін сендер осында жұмыс істеулерің қажет", - деді Сағынтаев.

Телеарнаның мәліметінше, Түркістанға министрлік өкілдері мен түрлі ведомстволардың қызметкерлері көшіп барды.

Сондай-ақ, жиын барысында премьер-министр облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың баяндамасын тыңдады.

Мәдениет және спорт вице-министр Ерлан Қожағапанов та жиын барысында сөз сөйледі. Оның айтуынша, бірінші кезекте Түркістанды мәдени елорда ретінде дамыту керек. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи мазарына ерекше назар аудару қажет. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети