05 қазан 2019 17:57

Біртанов Атыраудағы сәби өлімі жайлы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Атыраудағы облыстық перинаталды орталықта жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Атыраудағы облыстық перинаталды орталықта жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елжан Біртанов қайтыс болған сәбидің отбасы мен мен туыстарына қайғырып көңіл айтты. Ол барлығын тергеу нәтижелерін күтуге шақырды.

"Біріншіден, мен барлық әріптестерімнің атынан қайтыс болған сәбидің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын, баланың өліміне әкеп соқтырған медициналық көмек көрсетуді әдейі жасамағаны үшін тағылған айып бізді қатты қынжылтты. Біздің ұстанымымыз мынадай: біз барлық тексерулерді жүргізу үшін тергеу нәтижелерін күту керек деп санаймыз. Медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері болды ма? Осыдан кейін ғана біз толық және егжей-тегжейлі түсініктеме береміз", - деді министр.

Оның айтуынша, қазір бұл оқиғаға қатысты "үлкен қоғамдық талқылау" жүріп жатыр екен. 

"Өкінішке орай, барлық медицина қызметкерлеріне қатысты теріс көзқарас қалыптасты. Медицина қызметкерлерінің көпшілігі өз міндеттерін адал және кәсіби түрде атқарады деп санаймын". Мен бәріне бірдей топырақ шашуды қаламас едім", - деп толықтырды өз сөзін Біртанов.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы сонымен бірге барлығын медициналық көмекті жақсарту үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

"Қазір маған барлық облыстардан дәрігерлер хат жазып жатыр. Реакция өте күшті. Бірақ жұмысты жалғастыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіз жағдайда туылуын қамтамасыз ету үшін облыс әкімдіктерімен бірлесіп барлық шараны жасайды және бір себебі анықталған сияқты - ол қазіргі цифрландыру жүйесі себеп болуы мүмкін, базаға мәлімет уақытылы енгізіліп отыруы тиіс болғандықтан, бірақ біз бұған мүлдем келіспейміз. Мәлімет дұрыс берілмеген шығар. Цифрландыру нақты көріністі дәл көрсетуге бағытталған болатын. Егер нақты себептерін білмесек, проблемалармен, атап айтқанда ана мен бала өлімімен күресу мүмкін емес ", - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл босану кезіндегі асқынулар, туа біткен денсаулықтағы ақаулар және инфекциялар.

"Егер біз себептерді білмесек, оларды қалай шешуге болады? Сондықтан министрлік техникалық мамандармен, халықаралық сарапшылармен жұмыс істеуде, өткен жылы біз мәліметтер базасына талдау жүргізіп, аналар өлімінің есепке алынбаған 50 жағдайын анықтадық. Көрсеткіштер біз ойлағаннан сәл нашар екені белгілі болды. Шамамен айтқанда, біз бұл статистиканы заңдастырдық, халықаралық ұйымдар оны мойындады. Нәтижелерге сүйене отырып, біз медициналық көмек пен болашақ аналарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша қосымша шараларды қабылдап жатырмыз ", - деп сендірді министр.

Біртанов ағымдағы жылдың мамыр айында Атырау облысында сәбилер өлімін жасыру жағдайларын анықтау бойынша пилоттық жоба жүргізілгенін айтты. Оның айтуынша, осы әдістеме бойынша Денсаулық сақтау министрлігі барлық аймақтарда сараптама жүргізді.

"Нәрестелер өлімі жасырылған жағдайлардың 10 пайызға жуығы анықталды. Өңірлер бойынша өте қатаң нұсқаулар берілді. Шынында да, Атырау - ең нашар аймақ емес. Солтүстік Қазақстан облысында бізде сәбилер өлімі жоғары, биыл Ақтөбе облысында, Атырау, Ақмола облысы, әдетте, бұл материалдық-техникалық база мен кадрлармен байланысты. Әрине, көрсеткіштер таңқаларлық, бізде бір жылға дейін қайтыс болған 3800 балатіркелген. Бұл бүгін бізге жеткен көрсеткіш. Бірақ бес жыл бұрын бұл екі есе жоғары болды ", - деді ол.

Біртановтың айтуынша, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында сәбилер өлімін жасырудың маңызды фактілері бар.

Бізді айыптаған жағдайлар болуы мүмкін. Әрі қарай бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз нақты проблемалар мен себептерді нақты анықтаймыз. Цифрландыру - бұл ашықтық құралы. Біз халықты осы сандарды басқара алатындай етіп тартамыз. Нәтижесінде біз қазірдің өзінде тиімді жүйелік шараларды қолданудамыз ", - деді министр. Біртанов облыстардың басшыларына, облыс әкімдеріне жүгінді.

"Бүгін біз әлеуметтік мәселелерге, халыққа, ең алдымен балаларға медициналық көмек көрсетуге көп көңіл бөлуіміз керек. Біз мұны таңертеңнен кешке дейін жасауымыз керек. Олар бүйрек ауыстырып салған әйелдің дүниеге келгенін жазған кезде біз қуанамыз. Бұл дәрігерлерге алғыс. Бірақ олар жүкті болмауы керек - бұл қарсы көрсеткіш.Бізде ана өлімінің 20 пайызы тіркелген, бұлар жүкті болуға қарсы болған әйелдер. Ақпараттандыру қажет. Осыған назар аударыңыздар", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, "Ак Жайык" интернет-басылымының журналистері Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туылған сәбидің өлімінің мән-жайын білген еді.

Бас дәрігер мен акушер-гинекологқа қатысты "Адам өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Олар 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети