Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Біз болмасақ Алматы жолдары астан-кестен болады - Алматының тұрақ қызметкерлері

28 Қазан 2015, 14:45
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматының заңсыз автотұрақтарында жұмыс істегендер бір аптадан кейін далада қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнама барысында олардың көпшілігі жұмыссыздыққа тап болғанын айтып берді. 

Айта кетейік, биыл 1 қарашадан бастап алматылықтар жол бойындағы автотұрақтарға ақша төлеуге міндетті емес. Осыған байланысты апта соңында мыңдаған адам жұмыссыз қалады. Елдің әр өңірінен келген заңсыз тұрақшылардың басым бөлігінің нәпақа табу жолы осы болған еді. Жартысына жуығы болса мамандығын ауыстыруға мәжбүр екендіктерін айтып отыр. 

Автомобиль күзетшілерінің айтуынша, оларды алып тастаса, қала жолдарында тәртіпсіздік орнайды. "Бізде күн сайын әйел жүргізушілер көбейіп жатыр. Ал олар болса артына немесе жан-жағына мүлдем қарамайды, тек алдыға жүруді біледі. Міне, соларға қиындық туғалы тұр, себебі көпшілік жол-көлік оқиғасына солар кінәлі болып жатады. Сонда не болады?", - дейді 53 жастағы Әскербек, ол мүгедектігі бойынша зейнеткер екен, мұнда жұмыс істеп жүргеніне жарты жыл болыпты.


Әскербек. © Tengrinews.kz

Ол бұл жұмысқа бос уақытын өткізу үшін келгенін мойындады. "Үйде жата бергеннен шаршап кеттім, сондықтан көліктерді реттеуші болып жұмысқа тұрдым. Құдайға шүкір, аяқ-қолымыз бар, денсаулығымыз мүмкіншілік береді. Балаларым болса өсіп-жетілді, жүріп-тұрғаныма ақша тауып жүрмін тек", - деп мәлімдеді ол айлығының 30 мың теңге екенін жария ете отырып. Жұмыстан шыққаннан кейін Әскербек қалада тауар тасымалдаушы болғысы келеді екен. 

Алайда заңды түрде жұмыс істейтін Әскербектің оқиғасы Алматыда бұл саладағы көпшілік жұмысшылардың арасында ерекшесі. Бұлай дейтініміз, автотұрақтарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі мұндай жұмыста заңсыз істейді.   

Бауыржан оңтүстік астанаға бес жыл бұрын келген, ол Қытайдан көшіп келіпті. Бастапқыда құрылыста және базарда жүк көтеруші болып, кейін такси қызметкері болған ол соңғы екі жылдан бері Абылай хан даңғылының бойындағы ЦУМ-ның айналасында көліктерді қоюға көмектеседі. "Қыста мұнда жұмыс істеу қиын. Жұмысқа Райымбек даңғылынан жаяу келіп, "ақтан" ұрттап жылынатынбыз. Тұрақшы болудың қаншалықты қиын екенін ешкім түсінбейді. Үш баламды асырауым керек, сондықтан бір де бір күн жұмысқа шықпай қалуға болмайды. Кейін таксиге қайта ауысатын шығармын", - деді ол.


Бауыржан. © Tengrinews.kz

Автотұрақтағы жұмысының соңғы күндерін өткізіп жатқандардың бірі оңтүстік астанада күндік жоспардың 1000 теңге екенін, ал қосымша 2000-3000 мың теңгені өздеріне алып жүргенін айтып берді. Оңғарбек екі айдан бері Төле би көшесінің бойындағы "Алатау" кинотеатрының маңында көліктерді күзетіп жүр. "Нәпақа табу үшін Оңтүстік Қазақстан облысынан келдім. Осыған дейін бір компанияда жүргізуші болдым, бірақ ол жақтан кетіп қалдым, себебі жұмыс жоқ. Әрине, бір күн бойында күннің астында тұрғаныма тиын-тебен тауып жүрмін. Енді осы жерден де қуып жіберсе, не істейтінімді өзім де білмеймін", - дейді Оңғарбек. Оның айтуынша, кешкі уақытта жұмысшылардың орнын студенттер келіп басады екен.  

Ал Көк базардың маңында осымен бесінші жыл көлік күзетіп жүрген біреуі басқа жерде күзетші болып жан сақтап жүргенін айтады. "Мұнда күніне 1000-1500 теңге табуға болады. Осы азғантай ақша үшін біз базар маңын тәртіпке келтіреміз, ал бізді бұл жерден де алып тастағылары келеді. Бізсіз мұнда нағыз дүрбелең болады, себебі бізде, Қазақстанда жүргізушілер бір-біріне жол беру дегенді білмейді", - деп пікір білдірді Байрам. 

Айта кетейік, сауалнамаға жауап бергендердің басым бөлігі ендігі жұмысты қайдан іздеу керек екендіктерін білмейтінін айтты. Барлығы 1 қарашада не болатынын күтуде. "Иә, естігенмін, бірақ бұл жайлы ойланатын уақытымыз да жоқ. Міне, көлік келе жатыр, кедергі келтірмеңіздерші, өтінемін", - деп, Тұрсынбек есімді жұмысшы кезекті 50-100 теңгесін қуып барады.  

Ал олардың ішінде алдағы жұмыстан шығып қалу қаупі жайлы тіпті білмейтін көрінеді. "Әзірше басшылық жұмыстан шығару туралы айтқан жоқ. Егер тыйым салса басқа жерден жұмыс іздейміз. қазір барлық жақта дағдарыс, осыдан да жалақысы аз жұмыс бар ма екен?", - деп уайымдап отыр Қанат.

Айта кетейік, осыған дейін "Нұр Отан" партиясының алматылық филиалы қаладағы ақылы автотұрақтарды 2016 жылдың 1 мамырына дейін алып тастауды талап еткен болатын. 42 автотұрақтың бір сағаттағы табысының 305 мың 500 теңге екендігі анықталды. Бір күндік табыс сомасы - 1, 222 миллион теңге, ал бір жыл ішінде 446,030 миллион теңге. Айта кетейік, Алматыда ресми түрде 555 мың көлік құралы тіркелген. Сонымен бірге, қалаға күн сайын шамамен 300 мың автомобиль кіреді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай