11 сәуір 2022 14:31

Біз Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдаймыз - АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтандағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында журналистер алдында сөйлеген сөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты қарым-қатынастардың 30 жылдығын тойлап жатқанын атап өтті.

"Біздің келіссөз нәтижелі болды. Мен 16 наурызда  жарияланған Тоқаевтың саяси күн тәртібін АҚШ-тың қолдайтынын растағым келеді. Егер ол жүзеге асса, бұл Қазақстанның барлық қазақстандықтар үшін әділетті орынға айналуына көмектеседі. Мен тәуелсіз мемлекеттер өздерінің егемендік мүдделерін өздері таңдаған серіктестерімен жүзеге асыра алатын тұрақты және гүлденген Орталық Азияны ілгерілету жөніндегі біздің мақсаттарымызда Қазақстанның маңызды екенін айтқым келеді", - деді Узра Зея.

"Біз бәріміз Ресейдің Украинаға негізсіз, әділетсіз басып кіруіне байланысты халықаралық дағдарысқа тап болдық. Біз Ресейге қарсы бірқатар санкцияларды ұсынған халықаралық қауымдастықтың жедел жауабын көрдік. Олар одақтастарға кері әсерді азайтуға бағытталған. "АҚШ үкіметі көптеген қадамдар жасады, соның ішінде серіктестерімізге қарсы санкциялар. Біздің санкцияларымыз президент Путинге және Ресей Федерациясындағы кейбір тұлғаларға қарсы бағытталған, бұл халықаралық саясатты тұрақсыздандыруға мүмкіндік берді", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети