19 қыркүйек 2015 10:49

Дариға Назарбаева Қазанда Назарбаев көшесімен серуен құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Татарстан президентінің баспасөз қызметі © Татарстан президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Үкіметі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановты ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Қазан қаласына сапары кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің құрметіне аталған көшеге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Үкіметі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановты ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Қазан қаласына сапары кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің құрметіне аталған көшеге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы Қазан мэріне өтініш жолдағаннан кейін пайда болған еді. Қала басшысы өтінішті қабылдай отырып, Назарбаевтың Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастыққа сіңірген еңбегінің үлкен екенін атап өтті.

Елбасының аты берілген көшеде өзгерістер болған. Ауданға жол төселіп, балалар алаңы ашылып, кейбір үйлерге жөндеу жұмыстары да жүргізілген.

"Көше өте кең. Қала ортасында орналасқан, 10 жолақты автомобиль жолы да бар. Қасында Халықтар достығы үйі, Қазан зооботаникалық бағы мен Татарстан мемлекеттік филармониясы, Қазан энергетикалық колледжі, қаладағы ең мықты мектеп пен бірнеше автотұрақ орналасқан. Мен бұл жерде Қазақстанның тағы бір бөлшегінің пайда болғаны үшін қуаныштымын", - деді Tengrinews тілшісіне берген сұхбатында Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбеков.

Енді Назарбаев көшесіне ғылым немесе мәдениет өкілінің ескерткішін қою жоспарланып отыр.

Дариға Назарбаева Қазан қаласына сапары кезінде Татарстан Президенті Рустам Миннихановты ұлықтау рәсімінде Назарбаевтың құттықтау сөзін жеткізді.


Татарстан президентінің баспасөз қызметі

"Құрметті Рустам Минниханов! Президенттік сайлауда жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Халықтың сізді таңдауы Татарстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуына қосқан үлесіңіздің зор екенін көрсетеді. Ресей Федерациясының индустриалды орталықтарының бірі ретінде Татарстан еліңіздің өркендеуіне едәуір үлес қосып отыр. Біздің халықтар арасындағы қарым-қатынас одан ары нығая түсетініне сенімдімін", - деп жазылған Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатында.

Сонымен қатар, Қазақстан вице-премьері мен Татарстан Президенті арасында екіжақты кездесу өтті. Тараптар екі елдің дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Дариға Назарбаева Татарстанның даму деңгейінің жоғары екенін айтты.


Татарстан президенті баспасөз қызметі

Рустам Минниханов Қазақстанмен сауда-экономика саласы бойынша Татарстанның ынтымақтас елдердің көшбасшысы екенін айтты. "Бүгінде Қазақстанмен арадағы тауар айналымы 1 миллард доллардан асты. Бұл одан ары жалғасады деп сенемін", - деді Татарстан президенті.

Соңында Рустам Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевты қонаққа шақырды.


Татарстан президентінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети