13 қазан 2016 11:12

Дариға Назарбаева Президенттің денсаулығы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Дариға Назарбаева

Үкімет отырысынан кейін журналистер ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаевадан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жайлы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет отырысынан кейін журналистер ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаевадан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жайлы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайы айтарлықтай жақсарды", - деп жауап берді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың салқын тиіп сырқаттанып қалғаны хабарланған болатын. "Салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ем қабылдауда", - делінген еді Ақорданың хабарламасында.

Ал кейінірек Назарбаевтың баспасөз хатшысы Президенттің денсаулығы жайлы айтып берді. Баспасөз хатшысының берген жауабы Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған. Zakon.kz басылымының журналисінің "Қазір Мемлекет басшысының денсаулығы қалай?" деген жауабына баспасөз хатшысы былай деп жауап берген болатын: "Ол салқын тиіп, сырқаттануына байланысты емделуде. Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ."

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети