08 сәуір 2022 14:09

ДДСҰ Ресейдегі "Спутник V" вакцинасын тексеруді уақытша тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ресейлік кәсіпорындарда "Спутник V" вакцинасына тексеру жүргізу мәселесі уақытша тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ДДСҰ басшысы Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Тікелей трансляция ұйымның Twitter-парақшасында жарияланған.

Гебрейесус өз сөзінде аудиттің нақты мерзімі әлі белгіленбегенін атап өтті. Оның айтуынша, кешіктіру Украинадағы арнайы операциямен байланысты.

"Біз әлі тексеру жүргізген жоқпыз. Тексеру тобы арнайы операция басталардан бірнеше күн бұрын Ресейге аттанады деп болжанған болатын. Алайда қазір әрекет етуге мүмкіндік жоқ, сондықтан бәрі уақытша тоқтатылды", - деді Гебрейесус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети