14 қазан 2019 12:32

Денсаулыққа қауіп бар - Ермекбаев Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмысы жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласын оқ-жарақтан тазарту жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласын оқ-жарақтан тазарту жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде Жоғарғы Қолбасшының тапсырмасы бар. Мемлекеттік мұқтаждық бар. Үнемі сұрақ қоятын журналистердің талабы бар. Оқ-жарақтан тез тазарту туралы Арыс қаласы тұрғындарының талабы бар. Біз қазір осымен айналысып жатырмыз. Осы жұмыстарға қажетті әскери мамандар тартылған - 700-ден аса адам. Біз оған әскери борышын өтеуге келген сарбаздарды немесе жедел қызмет келісімшартымен келген әскерилерді тартпаймыз тек жоғарғытәжірибелі мамандар, дайындықтан өткен саперлар, инженер мен әскери полицейдер жұмылдырылды. Барлығы тек келісімшарт бойынша", - деді министр үкімет кулуарында. 

Ведомство басшысы Арыс маңында жатқан оқ-жарақтар туралы айтуға құқығы жоқ екенін жеткізді. 

"Олар (әскери қызметкерлер - түсіндіру) барлық жерде жұмыс істеп жатыр. Қала тұрғындарына қандай да бір қауіп жоқ. Қаланың іші толықтай тазартылды. Негізгі жұмыстар жарылыстар болған әскери бөлім аумағында болып жатыр. Жұмыс қауіпті. Әскери қызметкрелер Арыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қауіпке баратынын біледі. Әскери қызметкерлерден басқа бұл істі ешкім істей алмайды. Бұл үшін жоғарғытәжірибелі дайын кәсіби мамандар қажет", - деді министр. 

"Менің үлкен өтінішім бар, тек өз атымнан емес әскери қызметкерлердің де атынан - осы жағдайды ушықтырмауды, популизммен айналыспауға, негатив жазбауға шақырамын және әскери қызметкерлерді қолдауға шақырамын. Олар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Нағыз әскери жағдай, денсаулыққа қауіп бар", - деді Нұрлан Ермекбаев. 

Айта кетейік, 11 қарашада Арыс қаласының маңындағы полигонда оқ-жарақтардың қалдығы жарылды. Әскери қызметкер қайтыс болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети