11 желтоқсан 2022 09:13

Екібастұзда апат кезінде бүлінген пәтерлер дүйсенбіден бастап жөнделеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттан ең көп зардап шеккен 50 пәтер жөнделіп, қалпына келтірілмек. Сондай-ақ тұрғындарға бұзылған тұрмыстық техниканы қалпына келтіруге уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттан ең көп зардап шеккен 50 пәтер жөнделіп, қалпына келтірілмек. Сондай-ақ тұрғындарға бұзылған тұрмыстық техниканы қалпына келтіруге уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, қалада бригадалар құрылып, зардап шеккен пәтерлерді тексеріп акт құрастыра бастаған.

"Барлық топтар жұмысын аяқтаған соң, барлық анықтамаларды ОАЭК-ке тапсырамыз. Кәсіпорыннан 70 адам бүлінген пәтерлерді жөндеуге шығады. Біз өтініштерді қабылдау бойынша үлкен жұмыс атқардық", - деді әкім.

"ОАЭК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Леонид Янушко мамандар шұғыл қалпына келтіруді қажет ететін 50-ге жуық пәтерді анықтағанын айтады.

"Аязда қатып, кейін жылу қоса бастағанда жарылған батареялар мен пәтераралық құбырлардан аққан ыстық су пәтерлердің тұсқағаздарын, едені мен төбесін, тұрмыстық техникаларын, жиһаздарын бүлдірген. Біз ең әуелі жөндеуді қажет етіп тұрған 50 пәтерге жөндеу жүргізіп бермекпіз. Апат кезінде суықтан әбден титықтап қалған адамдардың жайлы өмір сүруін назарымызда ұстап отырмыз. Дүйсенбіден бастап біздің бригадаларымыз пәтерлерге кіре бастайды. Ал төтенше жағдай уақытында зақымданған өзге пәтерлердің шығындары қазір есептеліп жатыр. Барлығы есепке алынып, қорытындыланған соң пәтер иелерімен шығынның орнын толтыру бойынша есеп айырысамыз", - деп атап өтті Л.Янушко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети