27 қаңтар 2021 16:25

"Экперимент жоба". Шымкент циркінің жануарлардан бас тартқаны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жануарлардан бас тарту шындық па, әлде фейк пе? Шымкент циркіндегілер бұл жаңалықтың қаншалықты шындыққа жанасатынын айтты. Сөйтсек, Наурыз мейрамында жануарларсыз нөмірлер болады екен де, қалған шоу бағдарламалар қалалық цирк түлектерінің қатысуымен өтеді екен. Жануарлардың қазіргі жағдайы, күтімі және де неліктен олар зообақта өмір сүре алмайтыны жайлы цирк қызметкерлері әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жануарларды үйретуші Жанат Қалметова цирк жануарлардың қатысуымен болатын нөмірлерден бас тартады деген жаңалықты естігенде басына жәй түскендей болғанын айтқан.

"Жаңа нөмірлер дайындалып жатыр. Жаңа шоу бағдарламалар бар. Біз әрине жануарлар және аңдар үшін жауаптымыз. Бұл жаңалық фейк болып шықты", - деді ол.

Цирк басшылығы қарамағындағы жануарлар мен аңдардан, олардың қатысуымен көрерменге шығатын нөмірлерден бас тартпайтындарын айтады.

"Цирктен өзге жерде жануарлар ұзақ өмір сүре алмайды, өйткені олар егелеріне қатты бауыр басып қалады" - дейді Жанат Қалметова.

Циркте жануарларсыз нөмірлер болады, тек ол Наурыз мейрамы кезінде эксперимент ретінде қолға алынбақ екен.

"Экперимент жоба ретінде Наурыз мерекесінде жануарларсыз алты күн көрерменге шығамыз. Ал бірінші маусым - халықаралық балалар күні аң, жануарлардың қатысуымен шоу бағдарламалар әзірленіп жатыр", - деді цирк қызметкері Сұлтанхан Аман.

Шымкенттік цирк басшылығы мұнда жануарларға барлық жағдай жасалған деп сендірді. Әрбіріне тән өзінің тағам мәзірі, серуендеу кестесі, ветеринардың тексерісі қарастырылған. Олар аңдарды циркте қамшымен емес, әрбір орындалған тапсырма үшін тәттілер беру арқылы үйрететіндерін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттік цирк нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартты деген ақпарат тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети