25 қаңтар 2021 13:11

Шымкенттік цирк нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шымкент қаласының циркі нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартады. Тәжірибелік жобан биыл наурыздан бастап көрсетілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласының циркі нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартады. Тәжірибелік жобан биыл наурыздан бастап көрсетілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкент-цирк" жаңа бағдарламасын Instagram желісіндегі парақшасында таныстырды. Цирк өкілдерінің сөзінше, әлемнің 45-тен аса елі цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тыйым салды. 

Осылайша "Шымкент-цирк" келесі бағыттарда дамитын болады:

  1. Клоунада және шапито
  2. Шабандоздық және каскадерлік
  3. Жонглерлік ету және эквилибристика
  4. Әуе гимнасттары

Жаңа эксперименттік цирк бағдарламасы Наурыз мерекесі аясында және қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай "Дю Солей" циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып, ұлттық колориттің сақталуымен таныстырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети