Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына байланысты үндеу жарияланды

11 Қаңтар 2017, 23:06
0
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына байланысты үндеу жарияланды - Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев

"Baiterek Venture Fund" директорлар кеңесінің мүшесі Арман Қашқынбеков Facebook желісіндегі парақшасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына байланысты қоғамға үндеу жариялады.

Белгілі экономист қазақстандықтарды және БАҚ-ты кінәсіздік презумпциясы ұстанымын сақтауға, "күдіктінің жақындары мен достарына құрмет көрсетуге" шақырды.

"Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев фигурант болған тергеу қоғамда кең талқыланып жатыр және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ондаған жарияланымға себеп болды. Тергеу жүргізіліп жатқанына қарамастан, ақпарат айдынында экс-министр жайлы хабарларда айыптаушылық, теріс түсінік бар.

Сонымен қатар, Конституция бойынша әрбір азаматтың қорғануға құқы бар екенін және оны соттың шешімінсіз ешкімнің де кінәлі болуы мүмкін еместігін ұмытпау керек. Бұл ұстанымды Мемлекет басшысы көрсетіп берді, ол бұрынғы министр фигурант болған осы іс жайлы тергеудің жүріп жатқанын ғана атап өтті, алайда не айыптаушылық не қорғаушылық пікір білдірмеді. 

Тергеудің әділдігіне күмән келтірмейтінімізді айта отырып, Қуандық Бишімбаевтың "Болашақ" Ассоцияциясы Кеңесінің төрағасы екенін, бірқатар маңызды мемлекеттік бағдарламаның бастамашысы болғанын әрі жүзеге асырғанын, оған сеніп тапсырылған жұмыстарға ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары бағалағанын атап өту керек. Бұл Қуандық Бишімбаевтың жеке, іскерлік және моральдық қасиеттерін көрсетіп отыр және бүгінде журналистер мен блогерлер айтып жатқан теріс бағалауларға қарсы дәйек болып есептеледі. 

Біз жас қоғам ретінде саяси мәдениеттің, қоғамдық пікірталастар дәстүрінің, жеке тұлғаның қорғану құқығы мәселелерінің құрылу процесіне жіті назар аударуымыз керек.

Осыны есепке ала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына, Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдарының баспасөз қызметтеріне, қоғамның белсенділеріне кінәсіздік презумпциясын сақтауға, күдіктінің туған туыстары мен жақындарын құрметтеуге және Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес сот шешіміне дейін жағымсыз әрі бағалаушылық пікір білдіруден бас тартуға шақырамыз", - делінген үндеуде.


Арман Қашқынбеков. © Abctv.kz

Бұл пікірді "Самұрық-Қазына" қорының сыртқы және ішкі коммуникациялары жөніндегі департаменті директоры Айдар Махметов те қолдап отыр.

"Мен кешегі хабарды естігенде жағамды ұстадым... Қуандық Бишімбаевты көп жылдан бері кәсіби білікті маман, тәртіпті адам және әділ басшы ретінде танып келдім. Қазір оның қызметі туралы күмәнді ойларды айтып, тасадан тас ату оңай, онымен қоса қызметтес болған ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметін жоққа шығара салу оңай. 

Бірақ кінәсіздік презумпциясы деген түсінік бар екенін еске салғым келеді. Соттың соңғы шешіміне дейін осы ұстанымды сақтауға шақырамын. Мұны әсіресе құрметті БАҚ өкілдеріне айтқым келеді, себебі дәл осы БАҚ белгілі бір мәселеде қоғам пікірін қалыптастырады.

Өз тарапымнан осы істі соттың және бақылау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып, әділ қарастыратына сенім білдіремін", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.


Айдар Азметов - каратеден Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, панкратионнан халықаралық кластағы спорт шебері. © facebook

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері. 8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып келген 36 жастағы Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы хабар қоғамда қызу талқыланып жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай